Аймақтар • 18 Шілде, 2022

Алматыда апатты үйлер бұзылады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында апатты үйлер тұрғындар өтініші бойынша бұзылатынын айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда апатты үйлер бұзылады

«Өткен кездесуде «Зерделі» шағынауданының тұрғындары балаларға қауіп төндіретін, салынып бітпеген екі көпқабатты үйге және үйлердің сейсмикалық күшейту жұмыстарын аяқтау қажеттілігіне қатысты алаңдаушылық білдірген еді. Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылдың соңына дейін аудандағы апатты үйлерді бұзу туралы шешім қабылданды. Олардың орнына жасыл саябақ аймағы мен балалар алаңын салуды көздеп отырмыз», деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, биыл шағынаудандағы 63 үйдің қасбеттері сырланады. Қажетті қаржы бөлініп, мердігер ұйым анықталған. Жұмыстар тамыз айында басталады.

«Шағын аудандағы үйлерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құлағалы тұрған үйлер мәселесі шешіледі. Бүгінгі күні барлығы 30 үйдің 23-і бойынша нығайту жұмыстары аяқталды. Қалған 7 үй бойынша жұмыстар биыл желтоқсан айына дейін аяқталады», деді қала әкімі.