Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, акция басталған айдың ішінде тұрғындар полицияға 1272 дана атыс қаруын өз еркімен тапсырған. Оның ішінде, 1 ойық ұңғылы автомат, 188 ұзын ойық ұңғылы мылтық, 4 қысқа ойық ұңғылы автомат, 1067 тегіс ұңғылы мылтық, 12 травматикалық қару, 5 жарылғыш құрылғы және ойық ұңғылы мылтықтың 9,5 мыңға жуық оғы бар.
Айта кетейік, өз еркімен тапсырылған қарудың жай-күйіне қарай әр данасы үшін 10 айлық есептік көрсеткіштен (31 800 теңге – ред) 100-АЕК-ке дейін (318 000 теңге –ред.) төлем көзделген.