Оқиға • 18 Шілде, 2022

Қостанайда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқытығысып, үш адам қаза тапты

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы тас жолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқытығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқытығысып, үш адам қаза тапты

Оқиға 17-шілде күні шамамен сағат 7:40-та  А-22 Қостанай-Қарабұтақ айналма жолының 56-шақырымында болды

«Шетелдік Nissan көлігінің жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан шетелдік көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты», деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.