Қазақстан • 18 Шілде, 2022

Қазақстанның экспорт көлемі 59 пайызға артты

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың бес айында Қазақстанның сыртқы тауар айнылымы 51,3 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,7 пайызға артық, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның экспорт көлемі 59 пайызға артты

Ведомство мәліметінше, қаңтар-мамыр аралығында еліміздің экспорт көлемі 59,1% пайызға өсіп, 34,2 млрд доллар болған. Сол уақыт ішінде шикі мұнай экспорты - 91,2%, ферроқорытпалар - 61,1%, мыс және катодтар - 25,3%, бидай - 61,3%-ға артқан. Аталған тауарлар әсіресе Италия (5759,4 млн доллар), Қытай (5114,7 млн доллар) және Ресейге (2668,7 млн доллар) көп экспортталған.

Айта кетсек, бес айдағы импорт көлемі де 14,4 пайызға өсіп, 17,1 млрд долларға жетті. Оның басым бөлігі дәрілік заттар, мыс кендері мен концентраттары және қара металдардан жасалған өзге де бұйымдар.