Қоғам • 19 Шілде, 2022

Жалдамалы қызметкерлердің жалақысы қанша?

198 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2021 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алғанда, бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 231 476 теңгені құрады. 2020 жылға қарағанда ол 17,7%, нақты көріністе 9%-ға өсті.

Жалдамалы қызметкерлердің жалақысы қанша?

2020 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды ес­кер­гендегі орташа айлық жала­қы­ның ең көп өсуі ден­сау­лық сақтау және халыққа әлеуметтік көмек көрсету саласында байқалды – 29,7%, білім беру саласында – 24,1%, қаржы және сақ­тан­ды­ру қызметінде – 21,1%, өзге де қызмет түрлерін ұсыну саласын­да – 21,2%.

Сала­лық құрылымда ең жо­ға­ры атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 477,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 437,1 мың теңге (1,9 есе), ақпарат және байланыс қызметінде – 330,1 мың теңге (1,4 есе), кәсіби, ғылыми және тех­ни­калық қызметте – 305,8 мың теңге (тиісінше 1,3 есе).

Кәсіпкерлік қызметпен айна­лы­са­тын шағын кәсіпорындарды есеп­­ке алғанда орташа айлық атау­лы жалақының төмен деңгейі ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында – 135 430 теңге және өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында – 155 524 теңге.

Өңірлер бөлінісінде ең жо­ға­ры орташа айлық жалақы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алғанда Атырау облысында 379 901 теңге болып шықты. Шымкент қаласында оның шамасы 170 397 теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 26,4%-ға төмен.

р

Еске сала кетейік, өңірлер бойынша шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы орташа айлық атаулы жалақы мөлшері 2021 жылы 250 311 теңгені құрады.

Бюро пайдаланатын орташа айлық жалақыны есептеу әдістемесі Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен әдіснамасына сәйкес келеді. Ор­таша айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы және жылдық ста­тистикалық есептілігі негі­зін­де есептеледі. Бір қызмет­кер­дің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтармен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепк­е ала отырып қалып­тас­ты­ры­лады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024