Аймақтар • 19 Шілде, 2022

Ақтауда үрмелі қайықпен теңізге шыққан отбасы құтқарылды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда үрмелі қайықпен ашық теңізге шыққан бір отбасы құтқарылды. Оның төртеуі - балалар. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда үрмелі қайықпен теңізге шыққан отбасы құтқарылды

«Солдатский» жағалауы маңындағы теңізге үрмелі қайықпен түсіп, ары қарай кетіп қалған 1998 жылы, 2004 жылы, 2008 жылы, 2015 жылы, 2020 жылы, 2021 жылы туған 6 адамды құтқарушылар жағаға алып шықты. Олар медициналық көмекті қажет еткен жоқ», делінген ақпаратта.

Құтқару жұмыстарына 2 қызметкер, 1 техника және 1 жүзу құралы тартылған.