Оқиға • 19 Шілде, 2022

«Алматы-Екатеринбург» тасжолында көлік апатынан екі адам көз жұмды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы аумағында «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1095-шақырымында жол апаты болып, екі адам көз жұмды, оның бірі - 10 жасар қыз бала, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

«Алматы-Екатеринбург» тасжолында көлік апатынан екі адам көз жұмды

Жол апаты туралы шілденің 19 күні сағат 00:50-де Астрахан аудандық ПБ кезекші бөліміне хабарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қостанай қаласынан Қарағандыға бет алған «Chevrolet Lacetti» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі (Теміртау қаласының тұрғыны) рульге ие бола алмай, көлік аударылған. Жол апаты салдарынан Теміртау қаласының тұрғындары – 33 жастағы ер адам мен 10 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен үш жолаушы түрлі дене жарақатымен Астрахан аудандық ауруханасына жатқызылған.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды», деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.