Қазақстан • 20 Шілде, 2022

Ақындар Алаша хан мен Жошы ханды жырлайды

439 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халқымыздың ұлт болып қалыптасуында Ұлытау өңірінің орны бөлек. Ұлытау – барша қазақ қадір тұтатын қастерлі өлке. Ежелден Хан ордасы, қазақ жерінің кіндігі саналған бұл өңір Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен жеке облысқа айналғаны белгілі. Осыған орай жуырда Ұлытау облысының құрылуы және киелі өңірдің тарихи тұлғаларын дәріптеу мақсатында «Алаша хан, Жошы хан – жыр арқауы» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді.

Ақындар Алаша хан мен Жошы ханды жырлайды

Ұлытау топырағы – Жошы хан, Алаша хан кесенелері, Едіге мен Тоқ­тамыс сынды алып тұлғалардың рухы то­ғысқан жер. Бұл жерде Әулие­таудай киелі орын бар. Ұлы­тау – ұлттық бірлігіміздің символы. Ұлытау облысы Жезқазған қала­сының әкім­дігі ұйымдастырып жүр­ген дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалі аясында өтетін «Алаша хан, Жошы хан – жыр арқауы» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасының басты мақсаты да осы – бабалар та­рихын дәріптеу, ұлт бірлігін ұлық­тау. Жас ақын-жазушыларды қолдау, олардың шығармашылығын халық­қа таныстыруды көздейтін жыр сайысына республикалық «Ана тілі» Ұлт газеті қолдау көрсетіп отыр.

Мүшәйраға 18-40 жас ара­лығын­дағы ақындар қатысады. Әр ақын Ұлытау жерінің тарихына, әйгілі тұл­ға­ларға қатысты екі өлең және еркін тақырыпта бір өлең жібереді. Өлеңдер бұрын жарияланбаған бо­луға тиіс. Үміткерлердің шығармалары 2022 жылдың 20 тамызына дейін қабыл­данады. Қорытынды шара 2022 жылдың 10 қыркүйек күні өтеді деп жоспарланып отыр. Қазылар алқасының сараптауынан өтіп, лайықты деп танылған шығармалардың авторлары ақшалай сыйақылармен мара­патталады. Ақындарға таға­йындал­ған жүлделердің арасында еңбек жо­лын Ұлытау аудандық «Ұлытау өңірі» газетінде бастаған, «Egemen Qazaqstan» газетінің Жез­қазған облы­сындағы меншікті тілшісі, «Ана тілі» газеті бас ре­дак­торының орынбасары бол­ған, осы өңір туралы өзекті мәсе­лелер көтерген белгілі журналист, марқұм Нұрперзент Домбай атын­дағы арнайы сыйлық бар.

Мүшәйра жүлдегерлерін бел­гілі тұлғалардан құралған қазы­лар алқасы анықтайды. Жыр сайы­сының ережесі туралы толық ақпа­рат әлеуметтік желілер мен интернет-сайттарда жарияланады.

 

Дина ТАЗАБЕКҚЫЗЫ

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024