Облыстық ТЖД мәліметінше, кезекші-диспетчерлік пультіне Шалқар қаласындағы дауыл туралы ақпарат 19 шілде күні сағат 21:50-де түскен.
«Қатты желден №2 мектеп шатырының бір бөлігі ұшып кетті. Ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ «Азамат» спорт кешенінің де шатырының 50 шаршы метр аумағы бүлініп, жеке үйдің шатыры зақымдалды», делінген ТЖД хабарламасында.
Қатты желден зардап шеккендер тіркелген жоқ. Жергілікті атқарушы билік тарапынан 22 адам мен 5 техника жұмылдырылды.
Синоптиктердің мәліметінше жел жылдамдығы секундына 21 метрге жеткен.