Ауа райы • 20 Шілде, 2022

Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс және оңтүстік циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

«22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Республиканың батыс аймақтарында аптап ыстық басылады, Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +23+28 градус аралығында болады.

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасының шамалы төмендеуіне қарамастан, ол климаттық нормада сақталады», делінген синоптиктер хабарламасында.