Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының ұйымдастырумен облыс аумағындағы суға түсу аймақтарында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, алты ай ішінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 440 бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша 184 адамға 2 млн 052 мың 210 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ 218 азаматқа ескерту жасалған.
Еске сала кетейік, бір ай бұрын Түркістан облысында суға батып кеткен шетелдік студенттердің денесі әлі табылған жоқ.