Ауа райы • 21 Шілде, 2022

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Солтүстік-батыс циклонның жырасы әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді, батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Қазақстанның тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріне ғана антициклон жотасы әсер етіп – жауын-шашынсыз ауа райы болады», делінген хабарламада.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ұлытаудың облысының оңтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.