СҚО бойынша экология департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты бүгін, 20 шілде күні Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылының маңындағы Соленое көліне департамент өкілдері, Есіл облысаралық бассейндік инспекциясы, СҚО әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Жамбыл ауданының ветеринариялық қызметі, балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері барды. Жұмыс тобы су қоймасының жағалауын тексерді. Көзбен шолу барысында 400 кг мөлшерінде пелядь, тұқы, мөңке балығы өлгені анықталды.
Зертханалық талдау жүргізу үшін су сынамалары мен өлген балық алынды. Көлді «Водолей-2017» ЖШС жалға алып, балық шаруашылығымен айналысып жатыр. Серіктестік жұмысшылары су айдынын өлген балықтан тазартып, өлексені жойды. Әзірге балықтың неден қырылғаны белгісіз.