Президент • 21 Шілде, 2022

Орталық Азия бейбітшіліктің ауқымды аймағы болуы тиіс

790 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Азия бейбітшілік пен гүлденудің ауқымды аймағы болуы тиіс. Бұл туралы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық Азия бейбітшіліктің ауқымды аймағы болуы тиіс

«Күн тәртібінің басты мәселесі қауіпсіздік пен дипломатия саласындағы өзара іс-әрекетті нығайту болып қала бермек. Бұл Орталық Азия халықтарының гүлденуі үшін тиісті шарттарды қамтамасыз ету мақсатында өте қажет. Орталық Азия өңірі тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, жан-жақты ынтымақтастық, бейбітшілік пен гүлденудің ауқымды аймағы болуы тиіс», деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қауіпсіздіктің алдын алу жөніндегі шешімдерді бірлесіп әзірлеу үшін елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының тұрақты консультатциясы тетігін іске қосқан жөн екендігін айтты.

«Сонымен қатар өңірлік және халықаралық мәселелердің негізгі мәселелері бойынша келісілген әдістер әзірлеу үшін Сыртқы істер министрлеріне жарты жылда кемінде бір рет тұрақты түрде кездесулерін тапсыруды ұсынамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.