Тағайындау • 21 Шілде, 2022

Алматы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы Полиция департаментінің басшысы болып Арыстанғали Заппаров тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Қайрат Сөнтаев таныстырды.

Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді.

Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментін басқарды.