Президент • 21 Шілде, 2022

Бүгінгі Саммит Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жаңа жолын ашады - Президент

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шолпан-Атада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі Саммит Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жаңа жолын ашады - Президент

«Бүгінгі Саммиттің қорытындысы Орталық Азиядағы бейбітшілік және қауіпсіздік жолындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа бетін ашады деп ойлаймын. Қазақта сөз бар: «Татулық – таусылмас бақыт».

Уақыт сынынан өткен тығыз және сенімді қарым-қатынастар, ортақ тарихи және рухани тамырлар әрқашан елдеріміз арасындағы достықтың сарқылмас қайнар көзі болып қалатынына сенімдімін», деп қорытындылады ел Президенті.