Ауа райы • 22 Шілде, 2022

Қазақстанда аптап ыстық әлі де жалғасады

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда аптап ыстық әлі де жалғасады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел күтіледі. Елдің батысы мен шығысында бұршақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Республиканың тек оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының батысы мен шөлді аудандарында, Жетісу облысының батысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде қатты ыстық болады.