«Қостанай қаласындағы №27 мектепке, Рудный қаласындағы №18 мектебіне, Жітіқара ауданындағы №3 мектеп-лицейіне және Лисаков қаласындағы жалпы білім беретін №3 мектебіне Абайдың есімі берілсін. Ал, Қостанай қаласының №29 мектебі, Арқалық қаласындағы Родина мектебі және Рудныйдағы №2 Қашар мектебі Әлихан Бөкейханның атымен аталсын. Сонмен қатар, Рудный қалалық № 19 мектебіне Ахмет Байтұрсынұлының, ал №15 мектебіне Міржақып Дулатұлының есімі берілсін. Қарасу ауданындағы қазақ тілінде білім беретін мектеп Ыбырай Алтынсаринның есімімен аталсын. Сондай-ақ Амангелді ауданындағы Н. Крупская атындағы негізгі білім беретін мектепке Жұматай Сабыржанұлының аты берілсін», деп көрсетілген қаулыда.
Қостанай облысындағы 4 мектепке Абайдың, ал 3 білім ордасына Әлихан Бөкейханның есімі берілмек. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше