Аймақтар • 25 Шілде, 2022

Ертіске батып бара жатқан ер адам құтқарылды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейліктер Ертіс өзенінде батып бара жатқан адамды құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертіске батып бара жатқан ер адам құтқарылды

Шілденің 24 Төтенше жағдайлар департаментіне Ертіс өзенінде 1983 жылғы ер адамның судан құтқарылғаны туралы ақпарат түскен.

Белгілі болғандай, қала тұрғыны Сергей Фоминых суда ешбір қимылсыз қалқып бара жатқан ер адамды байқап, сол сәтте көмекке ұмтылады. Оған ер азаматты өзеннен алып шығуға Ержан Жәңгіров көмектескен. Олар зардап шеккен адамға бірден алғашқы медициналық көмек көрсете бастаған. Құтқарушылардың қатарына Виктор Глинский есімді қала тұрғыны да қосылып, реанимациялық әрекеттер жасауға жәрдемскен.

ы

«Реанимациялық әрекеттің 4-ші мәртесінде ер азамат есін жиып, оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Белгілі болғандай, зардап шегуші досымен бірге өзеннің белгіленбеген жерінде шомылып жүргенде есінен танып қалған», делінген таратылған ақпаратта.

Бұл ретте төтенше жағдайлар қызметі су маңындағы тәртіп ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе белгіленбеген орындарда шомылудан бас тартып, суға мас күйінде түспеуге, жалғыз жүрмеуге, сол секілді жүзу дағдыларын меңгермеген жандарға өзен-көлдерге түсуден сақ болуға кеңес береді.