Коронавирус • 25 Шілде, 2022

Ауырғандар саны артуда

218 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Екі жыл бұрын елдің есін шығарған дерт есігімізді қайта қағып тұрғандай. Қазақстан түгілі әлемнің бірқатар мемлекеті сақтық шараларын қолға алып, аурумен арпалысып жатқаны жасырын емес.

Ауырғандар саны артуда

Жуырда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары 3,2 есе өскенін, олардың 89%-ға жуығы екпе алмағанын және соңғы 6 айда ревакцинадан өтпегендер екенін еске
салды.

Денсаулық сақтау министрлігінің кешегі мәліметі бойынша, 18 962 адам коронавирус инфекциясынан емде­луде, олардың ішінде 1 280 пациент ста­ционарда, 17 682 науқас амбула­ториялық деңгейде ем қабылдауда. Шалдыққандардың арасында 32 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жа­тыр. Өткен тәулікте коронавирус инфек­циясын жұқтырудың 2 054 дерегі тір­келді. COVID-19 таралуына жол бер­меу жөніндегі ведомствоаралық комис­сияның мәліметінше, елі­мізде коронавирус инфекциясын жұқ­тыр­ғандар саны осымен 1 333 547-ге жетті.

«Кейінгі тәулікте ауырғандардың ішін­де Нұр-Сұлтан қаласында – 806, Ал­маты қаласында – 532, Шымкент қала­сында – 46, Ақмола облысында – 68, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында – 83, Жетісу облысында – 84, Атырау облысында – 61, Шығыс Қазақстан облысында – 6, Абай облысында – 26, Жамбыл облысында – 76, Батыс Қазақстан облысында – 20, Қарағанды облысында – 130, Қостанай облысында – 11, Қызылорда облысында – 36, Маңғыстау облысында – 14, Павлодар облысында – 28, Солтүстік Қазақстан облысында – 8, Түркістан облысында 11 тұрғын сырқаттанды», деп жазды комиссиядан.

Ал осы күні 1 083 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 341, Алматы қаласында – 490, Алматы облысында – 50, Жетісу облысында – 3, Атырау облысында – 15, Шығыс Қазақстан облысында – 26, Абай облысында – 11, Жамбыл облысында – 25, Қарағанды облысында – 59, Қызылорда облысында 63 адам сауығып шықты. Елімізде барлығы 1 301 086 адам COVID-19-
дан емделіп, қатарға қосылды. Денсаулық сақтау министрлігінің кешегі күнгі ақпараты бойынша, Қазақстанда I компонентпен 10 777 490 адам, II компонентпен 10 506 442 адам вакцина салдырды. Ревакциналанғандар саны – 4 975 445 адам.