Оқиға • 26 Шілде, 2022

Тобыл станциясындағы элеватор аумағында өрт болды

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Тобыл станциясында орналасқан элеватор аумағында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тобыл станциясындағы элеватор аумағында өрт болды

«Сағат 05:54-те Б. Майлин ауданы, Тобыл кентіндегі Элеваторная көшесінде «Тобыл элеваторы» ЖШС аумағында астық қалдықтарының қоймасы жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері, элеватордың мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі және «ҚТЖ»ҰК» АҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды», деп хабарлады облыстық ТЖД-дан.

Департамент мәліметінше, жалын сағат 14:34-те сөндірілді. Өрттен № 25, 26 қоймалар ( 2 400 шаршы метр аумақта), кептіру-жөнелту мұнарасының ғимаратында қабырға қаптамасы ( 40 шаршы метр), сондай-ақ 1 040 тонна зығыр жойылды. Өрт шарпыған жалпы аумақ 2440 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Болжам бойынша, өрт№25 қоймадағы тарату қорабында   болған қысқа тұйықталуға байланысты болған.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025