Үкімет • 26 Шілде, 2022

Грузия Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін кешке Қазақстанға ресми сапармен Грузия Үкіметінің басшысы Ираклий Гарибашвили келді, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап

Грузия Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында И. Гарибашвилиді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.

«Екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Грузия Премьер-Министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады», делінген хабарламада.