«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қаулы етемін:
1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат; 2013 ж., № 60, 819-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындауды;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалар жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеуді және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауын;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөліммен толықтырылсын:
«2-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау
4-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы үшжылдық кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.
4-2. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалары жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.»;
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік заңнамаға сәйкес құжаттаманың болуы есепке алынады, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан болған экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингтеу және бағалау нәтижелері;»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;
12- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ жетекшілік ететін саладағы (аядағы) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру және бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан;
3) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;
4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді.».
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
19-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 25 сәуір
№ 811