Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М.Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Ол жеке компаниялардың басшысы Э.Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М.Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды», делінген Антикор хабарламасында.
Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Қапаровты 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана медицина университетінің экс-проректоры М.Дәулетьярова пара алғаны үшін бас бостандығынынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше