Өкінішке қарай, кейбір демалушылардан кейін қалған қоқыстардың салдарынан су айдындарының және жағалаудағы топырақтың ластану проблемасы бар. Демалушылардың мұндай немқұрайдылығы су арқылы таралатын жұқпалы және паразиттік ауруларды адамдарға жұқтыру қаупін тудырады.
Бүгінде Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының бақылауында санитарлық-эпидемиялық саламаттылығы саласында рұқсат құжаттарын алған Алакөл көлінің бойындағы 72 демалыс аймағы, Балқаш көлінің бойында – 10, Қапшағай су қоймасының бойында – 58, Еңбекшіқазақ ауданында – 5, Талдықорған қаласы мен Балқаш ауданында 1 демалыс орындары бар. Алайда барлық кәсіпкерлер санитарлық заңнаманың талаптарына және санитарлық-эпидемиялық қорытындының болуына сәйкес қызмет көрсете бермейді. Осыған байланысты, мамандар кәсіпкерлерді осындай бұзушылықтар әкімшілік айыппұлды төлеу бойынша үлкен қиындыққа әкелетінін ескертеді.
Су айдындарындағы судың, жағалаудағы топырақтың қауіпсіздігі мен сапасы санитарлық қызметтің тұрақты бақылауында. Ағымдағы шомылу маусымында зерттелген су үлгілерінің 2,9 пайызы (175/5) және топырақтың 3, пайызы (85/3) микробиологиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық қағидаларда белгіленген көрсеткіштеріне сәйкес келмеді. Бактериялық ластанудың себептері жағалау аймақтарын қоқыспен толтыру және оларды уақтылы жинамау болып отыр.
Департамент басшылығы «Тазалық тазаланатын жерде емес, қоқыс тастамайтын жерде» екенін еске салуда. Мұны өзіңіз қадағалауыңыз шарт. Балаларыңызды және көшенің кез келген жеріне қоқыс тастаған тұрғынды осы қағиданы сақтауға шақырыңыз.
Жетісу облысы