Ауа райы • 28 Шілде, 2022

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz,

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Белсенді оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның барлық аумағына өз әсерін тигізуді жалғастырады – жаңбыр, оңтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде жоғары қысымды алқапта көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық жалғасады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен орталығында өте қатты ыстық болады.