Нұрсұлтан Әбішұлы Түркияда өзінің жақындарымен бірге болған және бөтен ешкіммен кездесу өткізбеген.
«Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы еңбек демалысынан кейін елге оралды. Демалысын ол жақын туыстарымен бірге өткізді. Анонимді дереккөздер тұңғыш президенттің шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездескенін таратуда, бұл шындыққа жанаспайды», деп жазды Айдос Үкібай өзінің Twitter-парақшасында.
Айта кетейік, 6 шілде күні Нұрсұлтан Назарбаев 82 жасқа толды. БАҚ өкілдері оның туған күнін Түркияда атап өткенін жазған болатын.