Спорт • 28 Шілде, 2022

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль алды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Римде өтіп жатқан грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль алды

60 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған Юсуф  Ашрапов 1/8 финалда армениялық Гаспар Тертеряннан 1:2 есебімен ұтылды. Бірақ армян спортшысы финалға өткендіктен, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Онда ол америкалық Зан Роберт Фуджиттаны (14:5) және түрік Юсуф Кылчанды (10:1) жеңді. Қола медаль үшін белдесуде Юсуф Ашрапов Иран өкілі Абольфазл Миршекарды жеңді, есеп – 11:10.

Айта кетейік, бұған дейін 48 кило салмақта қазақстандық Арсен Жұма қола медаль алған.