Әлем • 28 Шілде, 2022

АҚШ президенті коронавирустан жазылып шықты

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президентінің жеке дәрігері Кевин О'Конор Джо Байденнің толық сауығып кеткенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ президенті коронавирустан жазылып шықты

AP Photo/Andrew Harnik

Бұл туралы сәрсенбі күні Ақ үй таратқан дәрігердің ресми баяндамасында айтылған.

«Президент Байден бес күндік PAXLOVID курсын аяқтады. Бүгінге дейін ол бес күн бойы оқшауланған режимде жұмыс істеді», делінген құжатта. 

Президенттің кеше түнде және бүгін таңертең SARS-CoV-2 вирусына тапсырған сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Бұл оның COVID-19-дан құлан таза айыққанын білдіреді. Осыған байланысты президент Байден қатаң оқшаулау шараларын тоқтатады. 

ы

Ақ үй басшысының өзі дәрігерлерге, сондай-ақ оны қолдағандардың барлығына алғысын білдірді. Твиттердегі ресми парақшасында ол тестілеу нәтижесі теріс болған суретін жариялап, жұмыс кабинетіне қайта оралатынын жазды.