Облыстық төтенше жағдайлар департаменті екі жеңіл көліктің соқтығысуынан туындаған өрт туралы хабарлама 5:35-те келіп түскенін хабарлады.
«Оқиға орнына Байзақ ауданының №8 өрт сөндіру бөлімінен өрт сөндіру автомобилі мен жеке құрамның үш адамы шықты, олар оқиға орнына 6:09-да келіп, 6:36-да өртті жойды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ», делінген департамент хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, өрт салдарынан екі көлік те толығымен жанып кеткен.
«Жамбыл облысының ТЖД облыс және қала тұрғындары мен қонақтарын, жолаушыларды жолға шыққан кезде сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады», деп толықтырды баспасөз қызметі.