Қазақстан • 29 Шілде, 2022

«Қазпошта» ұрланған 294 млн теңгеге қатысты пікір білдірді

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазпошта» АҚ компания шотынан ақша ұрлануға қатысты БАҚ-та жария болған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазпошта»  ұрланған 294 млн теңгеге қатысты пікір білдірді

«Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты «Қазпошта» АҚ-нан аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деп танылған Б., Ж., Д. және Л. есімді азаматтарды 6 жылдан 6 жыл 6айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл интернет-қылмысы 2020 жылы жасалған. Осы алаяқтықтың салдарынан компанияға жалпы сомасы 294 миллион теңгеден астам залал келтірілді, оның ішінде «Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің қабылдаған шаралары арқасында қолды болған қаражаттың бір бөлігі – 72,3 млн теңге серіктестікке қайтарылды.  

Осы ақпарат арқылы сотталғандардың Қазпошта қызметкерлері еместігін және ешқашан мұнда жұмыс істемегенін атап өткіміз келеді. Қазпошта – бұл қылмыстық істер бойынша жәбірленуші тарап», делінген хабарламада. 

Қазір материалдық шығын сомасын өндіріп алу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу аясында шешіліп жатыр. 

Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша, «Қазпошта» АҚ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді қорғауды күшейту бойынша тиісті шаралар қабылдаған.