Аймақтар • 31 Шілде, 2022

ШҚО-да жол апатынан жүргізуші көз жұмды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында жыраға құлаған көлік жүргізушісі мерт болып, 2 жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да жол апатынан жүргізуші көз жұмды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 30 тамыз күні түс кезінде «Өскемен-Риддер» тасжолының 10-шақырымында болған.

«Toyota Crown» көлігін тізгіндеп келе жатқан 25 жастағы ер адам рульге ие бола алмай қалды. Соның салдарынан көлік жыраға құлап, жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабына (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалып, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.