Аймақтар • 01 Тамыз, 2022

Қостанай облысында есірткі заттарын жеткізу арнасы жойылды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында полицейлер есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында есірткі заттарын жеткізу арнасы жойылды

30 шілдеде «Қарасора – 2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Тобыл қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталды, оның автокөлігін тексеру кезінде 40 келіден астам есірткі заты – марихуана мен гашиш тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде (Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ұсталудың егжей-тегжейін Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков хабарлады.

«30 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Қарасора  – 2022» жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Дружба ауылының маңында автокөлік тоқтатылды, тексеру кезінде машина салонында өсімдік заттары бар пакеттер орналасқан екі қорап табылды. Сараптама қораптарда 33 келі марихуана, 8 келі гашиш бар екені анықталды. Жыл басынан бері бұл заңсыз айналымнан алынған есірткі заттарының ең ірі партиясы», деп түсіндірді ол.

Тергеу амалдарын одан әрі жүргізу барысында есірткі еліміздің оңтүстік өңірінен облысқа түскені анықталды. Осылайша полиция аймаққа есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды. Есірткі сатушыны ұстау операциясы барысында қызметтік-іздестіру иттері қолданылды. Қазір күдікті ұсталды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25