Аймақтар • 01 Тамыз, 2022

БҚО-да жол апатынан 9 жастағы бала көз жұмды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 9 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жол апатынан 9 жастағы бала көз жұмды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға бүгін таңғы сағат 07.50-де Ақжайық ауданы аумағында болды.

«Орал-Атырау жолында Тайпақ ауылы тұсында жүргізуші рульге ие бола алмай, автокөлік аударылған. Салдарынан 2013 жылғы бала оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі медициналық көмектен бас тартты. Жол апатынан тағы екі адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша 1976 жылғы әйел бас пен мидың жабық жарақатын алып, миы шайқалған, сол аяғы жырылған. 1996 жылғы қыз да бас пен мидың жабық жарақатын алып, миы шайқалған, оған қоса жұмсақ тіндері көгерген», деп хабарлады ведомстводан.

 

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15