Қоғам • 01 Тамыз, 2022

Мұнай бағасы қымбаттады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайдың әлемдік бағасы 110 доллардан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұнай бағасы қымбаттады

Мұнай бағасының өсуі жаһандық экономиканың құлдырауы және сәйкесінше, энергетикалық ресурстарға сұраныстың төмендеуіне байланысты. Бұл ретте сарапшылар нарықтағы мұнай ұсынысы жеткіліксіз болуы мүмкін деп дабыл қағуда. Shell Plc басшысы Бен ван Берден бейсенбі күні Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында мұнай бағасының құлдырауынан гөрі көтерілуі ықтимал екенін айтты, өйткені ұсыныс тапшылығы сұраныстың әлсіреу қаупін өтейді.

«Сұраныс әлі толық қалпына келген жоқ, ал ұсыныс жеткіліксіз», деп атап өтті маман.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің құны 29 шілдеде барреліне 110,42 долларға дейін көтерілді. Бұл алдыңғы сауданың жабылуындағы бағадан 3,28 (3,06%) долларға жоғары.

Қыркүйек айындағы WTI фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) сауда барысында барреліне 5,12 (5,31%) долларға қымбаттап, 101,54 долларды құрады.