Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 шілде күні сағат 20:30-да «ВАЗ-21099» және «Hyundai Tucson» маркалы автокөліктер соқтығысқан.
«Салдарынан «ВАЗ-21099» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», деді өңірлік полиция департаменті өкілдері.
Автокөліктер айып тұрағына қойылып, тексеру жүргізілуде.
Аталған фактіге қатысты сараптама тағайындалды.