Білім • 02 Тамыз, 2022

Елімізде 551 білім беру ұйымының басшысы ауысты

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде 551 білім беру ұйымының басшысы ауысқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 551 білім беру ұйымының басшысы ауысты

«Қазіргі уақытта 551 директор ауысып, жаңа білім беру ұйымында жұмыс істеп жатыр. 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың ақпанына дейін министрлік (Оқу-ағарту министрлігі) аудандық білім беру бөлімдері, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармалары, мемлекеттік білім беру ұйымдары, дербес кәсіби одақтар бірінші басшылары үшін бұйрық нормаларын түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізді», делінген  Тоғжановтың жауабында.

Сонымен қатар оның айтуынша, білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің қатысуымен кеңестер ұйымдарылды.

Бұдан бөлек, Оқу-ағарту министрлігі брифингілер өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші басшыларды ротациялау қажеттілігі мен тәртібі туралы сұхбаттар ұйымдастырды.