Қоғам • 03 Тамыз, 2022

Армандастар асуы

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының Ақсуат ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебін 1972 жылы бітірген түлектер 50 жылдық басқосуын Семей қаласында өткізуді ұйғарыпты.

Армандастар асуы

Кездесу барысында Абай­дың «Жидебай-Бө­рілі» мемлекеттік әде­би-мемо­риал­дық қорық-музейінде белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы­ның лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мү­сіреповтің әде­би-мемориалдық музей ке­шенінің басшысы Әділ­ғазы Қа­йырбековтің «Абай­ға апарар ­­жол» атты шы­ғармашылық кеші өтті. Ақын өзінің сыныптас достарының ал­дында шы­ғармашылық есебін бер­ді. Ә.Қайырбековтің өмір­баян­дық өр­нектеріне құ­рылған Өскемен­дегі об­лыстық Жасөспірімдер мен ба­лалар кітапханасы әзірлеген «Кес­телі сөздің ше­бері» атты әде­би-рафт көр­сетілді. Кеште сөз ал­ған Абай музейінің директоры, Қа­зақстан Рес­публикасының ең­бек сіңірген қайраткері Тұрдықұл Шаң­бай шығар­машылық иесі ту­ралы жылы лебізін білдіріп, Се­мей­­­дегі Абай музейі мен Ал­ма­­ты­дағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіре­пов­тің әде­би-ме­мориалдық музей ке­шені арасындағы дәс­түр­лі шы­ғармашылық байла­ныстарға тоқ­талды. Шарада «Абайдың өлеңі», «Сүйемін сені, Семейім» (екеуінің де сөзі Ә.Қайырбековтікі, әні Кентау Назарбектікі) сын­ды әндер орындалып, ақын жерлестерінің алдында өзінің әр жылдар белесінде жазылған өлеңдері мен ба­лалық шақ балладаларын оқып, тыңдармандарын тәнті етті. Ә.Қайырбеков Абай музе­йінің кітапхана қорына өзінің он томдық шығармалар жинағы мен «Жандауа», «Назқоңыр», «Бөр­тостаған», «Мүсіреповтың хатханасы» кітаптарын табыстады.

Әдеби-сазды кешке ақын­ның сыныптастары, Семей қаласының зиялы қауым өкіл­дері мен жырға жаны құш­тар жас жеткіншектер қа­тысты. Ертеңіне армандастар-сыныптас­тар Жидебайға барып, Абай мен Шәкәрімнің топырағына тәу етіп, ақ күм­без кесенелерін көріп, рухтарына тағзым жасап қайтты.

 

Назгүл АЛТАЕВА