Оқиға • 03 Тамыз, 2022

Жайық өзеніне екі адам батып кетті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында ағайынды екі адам Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайық өзеніне екі адам батып кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 2 тамыз күні Теректі ауданы Ақжайық ауылында болды.

«Сағат 16.30-да жабдықталмаған және тыйым салынған жерден түсіп, шомылған 35 жастағы ер адам мен 7 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен. Жедел құтқару жасағы келгенге дейін ер адамның денесін жергілікті тұрғындар алып шықты. Құтқарушылар (8 адам, 2 техника, 2 жүзу құралы) жасөспірімнің денесін іздестіріп жатыр. Марқұмдар бір-біріне туыс, 1987 жылғы ер адам ағасының баласын құтқарамын деп суға кеткен. Осымен өңірде 15 адам суға кетсе, соның алтауы – балалар», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаменті суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін тұрғындар есіне салады.