Қоғам • 03 Тамыз, 2022

Алматы облысында болған теміржол апатынан тағы бір адам көз жұмды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысқан. Апат салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында болған теміржол апатынан тағы бір адам көз жұмды

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдегендей,, 2 тамыз күні Іле аудандық орталық ауруханасына 3 адам түскен.

«Жеңіл көлік пен пойыз соқтығысынан зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде 1985 жылы туған науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан, дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Өкінішке қарай, науқас 3 тамыз күні таңғы сағат 08:40-та қайтыс болды. 1990 жылы туған екінші науқасқа жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, кеуде қуысының зақымдануы диагнозы қойылды. Қазір оның жағдайы орташа ауырлықта, динамикасы тұрақты. Үшінші науқас жансақтау бөлімінде жатыр, оның жағдайы өте ауыр», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетсек, Іле ауданындағы «Еңбек-Құйған» теміржол өткелінде жүк пойызы мен «Аudi 100» автокөлігі соқтығысқан.