Қазақстан • 05 Тамыз, 2022

Оңайлатылған декларация тапсырыңыз

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігінің Мемле­кет­тік кірістер комитеті оңайла­тыл­ған са­лық декларациясын тап­­сыруға небәрі 12 күн қал­ғанын ес­кертті.

Оңайлатылған декларация тапсырыңыз

«Бизнес субъектілеріне ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы үшін оңайла­тыл­ған декларацияны (910.00 нысан) 2022 жылғы 15 тамызда тап­сы­рудың соң­ғы мерзімі аяқта­ла­ты­нын еске саламыз», деді комитет өкілдері.

Жалпы, 910.00 нысанындағы салық есептілігін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қол­да­натын салық төлеушілер ұсынуы қажет.

Декларацияны ұсыну тәсілдері:

«Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (cabinet.salyk.kz);

– СОӨЖ ақпараттық жүйесі (бағ­дар­­ла­маны МКК сайтынан тегін жүк­теп алуға болады);

– қағаз түрінде;

– Halyk Bank мобильді қосым­ша­сы­ның 2022 жылғы 1 тамыздан бастап оңайлатылған салық декларациясын ұсынуға арналған жаңа сервисі.

Бұл ретте есептілік тапсырудың соң­­ғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің ар­туын болдырмау мақсатында салық есеп­тілігін алдын ала ұсынуға кеңес бере­міз. Одан бөлек, декларация ұсыну мер­­зімдерін ұзартуға болатынын еске са­ламыз.

Жалпы, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер саны - 1 187 554, оның ішінде дара кәсіпкерлер – 1 047 586, заңды тұлғалар 139 968.