06 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №175

249 рет
көрсетілді
36 мин
оқу үшін
2014 жылғы 4 наурыз,  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық реттеу және метрология саласында көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына және 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) «Метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шетел мемлекеттері стандарттарын, шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 6) «Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтер жұмысын жүзеге асыруы жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық реттеу және метрология саласында көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 991-құжат); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық реттеу және метрология саласында көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 587 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы №175 қаулысымен бекітілген «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) «ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарының типін сынау мен бекітуді жүргізу тәртібі» ҚР СТ 2.21-2007 (бұдан әрі – ҚР СТ 2.21-2007) сәйкес мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық бекіткен сәйкестік ведомосы қоса берілетін сынақтар актісі және сынақ хаттамалары; 3) «ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақ бағдарламалары. Негізгі ережелер» ҚР СТ 2.6-2003 сәйкес мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық бекіткен сынақтың бағдарламасы; 4) «ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері. Әзірлеу, бекіту және қолдану тәрібі» ҚР СТ 2.63-2003 сәйкес мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық бекіткен салыстырып тексеру әдістемесі; 5) екі данада 13х18 немесе 18х24 жалпы түрінің фотосуреті бар ҚР СТ Д 2.21-2007 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін сипаттау жобасы; 6) мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылатын өлшем құралдарының толық техникалық және метрологиялық сипаттамасын қамтитын өндіруші фирманың құжаттама жиынтығы; 7) типін сипаттауды ашық баспада жариялауға рұқсат ету туралы алушының хаты; 8) олардың өлшем құралдарын Қазақстан Республикасында пайдалану процесінде салыстырып тексеру құралдарымен қамтамасыз ету туралы мәліметтер, сондай-ақ оларға сервистік қызмет көрсететін және жөндеу жүргізетін кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәліметтер. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transporttower» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 бойынша Министрлік басшысының атына беріледі. Шағымдар почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.memst.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-34-32, 79-32-85. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Нысан Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат алуға өтініш ___________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.) Мынадай өлшем құралының __________________________________________ (өлшем құралының толық атауы және белгіленуі) _________________________________________________________________ (өндірушінің, шығарылған елінің атауы) _____________________________типін бекіту туралы сертификат беруді сұраймын. Қосымша:__________________________________________________________ (қоса берілетін құжаттар атауы) Өндірілген және шеттен әкелінген өлшем құралдарының бекітілген типке сәйкестігіне өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімінде кепілдік береміз. Басшы/жеке тұлға ______________________ М.О. (қолы, тегі, аты-жөні) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы №175 қаулысымен бекітілген «Метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметкөрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесі – өлшем құралдарының метрологиялық аттестатталғаны туралы сертификат беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету құны «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекіткен Баға прейскурантына сәйкес 0, 35 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметалдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оныңөкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беруге өтініш; 2) өлшем құралдарын әзірлеуге арналған техникалық тапсырма немесе оны ауыстыратын, өлшем құралдарына қойылатын талаптарды қамтитын құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу көзделсе); 3) өлшем құралдарының толық техникалық және метрологиялық сипаттамасын қамтитын өндіруші фирманың құжаттама жиынтығы, мемлекеттік және орыс тілдерінде; 4) оң нәтижелері бар эксперименттік зерттеулердің хаттамасы; 5) өлшем құралын салыстырып тексеру әдістемесіне арналған бекітілген құжат (пайдалану құжаттарында салыстырып тексеру әдістемесі болмаса); 6) метрологиялық аттестаттаудың бекітілген бағдарламасы; 7) эксперименттік зерттеулер кезінде қолданылған өлшем құралын салыстырып тексеру туралы сертификат. Автоматты басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендерге) кіретін өлшеуіш арналарды метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру жөнінде қызметтер ұсыну үшін мыналар қосымша ұсынылады: 1) жүйенің (кешеннің) толық техникалық және метрологиялық сипаттамасын қамтитын жүйеге (кешенге) арналған техникалық құжаттар; 2) метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш арналардың тізбесі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе өлшеуіш арнаның құрама элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар. Техникалық құжаттама мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, «Эталон орталығы» ғимараты, № 33 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 79-33-48 бойынша Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына, не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transporttower» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 бойынша Министрлік басшысының атына беріледі. Шағымдар почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kazinmetr.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығыарқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі менмәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. 14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-32-74. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Нысан Метрологиялық аттестаттау туралы сертификат алуға өтініш ________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) _____________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.А) Мынадай өлшем құралын________________________________________________ (өлшем құралының толық атауы және белгіленуі) ________________________________________________________________________________ (өндірушінің, шығарылған елінің атауы) ______________метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беруді сұраймын. Қосымша:___________________________________________________________________ (қоса берілетін құжаттар атауы) Басшы/жеке тұлға __________________________ М.О. (қолы, тегі, аты-жөні) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы №175 қаулысымен бекітілген «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін,Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – сәйкестікті растау, аккредиттеу бойынша сарапшы-аудитордың аттестаты (бұдан әрі – аттестат) және/немесе тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау бойынша сарапшы-аудитордың біліктілік аттестаты (бұдан әрі – біліктілік аттестаты), сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының телнұсқасы. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Қағаз жеткізгіште аттестат, біліктілік аттестатын, аттестаттың немесе біліктілік аттестатының телнұсқасын алу үшін жүгінген жағдайда, аттестат, біліктілік аттестаты, аттестаттың немесе біліктілік аттестатының телнұсқасы электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге: аттестат алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген нысан бойынша жеке тұлғаға арналған өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны; жеке тұлғаның сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың аттестаттаудың мәлімделген саласында мына жұмыстарды жүргізуге қатысуын растайтын тағылымдамалардан өткені туралы есептер: өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша – 5 (бес) есеп (түрлі схемалар бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда); жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні тағылымдамалар туралы менеджмент жүйесі (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу мен олар бойынша есептер жасауды қоса алғанда), аккредиттеу бойынша (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу мен олар бойынша есептер жасауды қоса алғанда) – 4 (төрт) есеп; персонал – персоналды сертификаттау жөніндегі органда тағылымдамадан өту (кемінде 3 есеп); біліктілік аттестатын алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген нысан бойынша жеке тұлғаға арналған өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны; жеке тұлғаның тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысқанын растайтын тағылымдамадан өткені туралы есептер – 10 (он) есеп. Аттестаттың немесе біліктілік аттестатының телнұсқасын алу үшін: Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы аттестаттың немесе біліктілік аттестатының нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, аттестатты немесе біліктілік аттестатын жарамсыз деп тану туралы растама; еркін нысандағы өтініш. 1) порталға: аттестат алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны; жеке тұлғаның сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың аттестаттаудың мәлімделген саласында мына жұмыстарды жүргізуге қатысуын растайтын тағылымдамалардан өткені туралы есептер: өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша – 5 (бес) есеп (түрлі схемалар бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда); жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні тағылымдамалар туралы менеджмент жүйесі (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу мен олар бойынша есептер жасауды қоса алғанда), аккредиттеу бойынша (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу мен олар бойынша есептер жасауды қоса алғанда) – 4 (төрт) есеп; персонал – персоналды сертификаттау жөніндегі органда тағылымдамадан өту (кемінде 3 есеп); порталда біліктілік аттестатын алу үшін мынадай құжаттар қажет: ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны; жеке тұлғаның тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысқанын растайтын тағылымдамадан өткені туралы – 10 (он) есеп. Аттестат немесе біліктілік аттестаты жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетінде» аттестаттың немесе біліктілік аттестатының электрондық көшірмесін алу мүмкіндігі бар. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: Көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады; портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transporttower» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 бойынша Министрлік басшысының атына беріледі. Шағымдар почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.memst.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-33-12, 79-33-14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша нысан __________________________________________________________________ (аттестаттау органының толық атауы) ____________________________________________________________бойынша (қызмет бағыты) сарапшы-аудиторға кандидат__________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефоны) Өтініш Мені _____________________________________________________ бойынша (қызмет бағыты) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің сарапшы-аудиторы ретінде аттестаттауды сұраймын. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу саласындағы заңнамамен белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды толық орындауға міндеттенемін. Қолы, күні «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін,Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны Жалпы ақпарат 1. Аттестаттау түрі __________________________________________________ 2. Аттестаттаудың ішкі түрі __________________________________________ 3. Білімі туралы деректер ____________________________________________ 4. Аяқтаған оқу орнының атауы _______________________________________ _________________________________________________________________ Өтініш иесі туралы деректер: 8. Оқу орнын бітірген жылы __________________________________________ 9. Диплом нөмірі ___________________________________________________ 10. Диплом бойынша мамандығы _____________________________________ 11. Диплом бойынша біліктілігі _______________________________________ 12. Ғылыми дәрежесі _______________________________________________ 13. Сарапшы-аудитор аттестаты ______________________________________ 14. Аттестат нөмірі _________________________________________________ 15. Берілген күні ___________________________________________________ 16. Жұмыс орны ____________________________________________________ 17. Лауазымы ______________________________________________________ 18. Телефоны _____________________________________________________ 19. Тұрғылықты мекенжайы _________________________________________ Өндірістік қызметі туралы деректер 20. Еңбек қызметі (ұйым атауы, лауазымы, негізгі міндеттері, өндірістік қызметті бастаған және аяқтаған күні көрсетілсін) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу бойынша жұмыстарға қатысқандығы туралы деректер 21. Тексерілетін кәсіпорын атауы 22. Тексерілетін кәсіпорын мекенжайы 23. Орындалған жұмыстар 24. Тексеру күні 25. Тексеру түрі 26. Тексерілетін кәсіпорын атауы 27. Тексерілетін кәсіпорын мекенжайы 28. Орындалған жұмыстар 29. Тексеру күні 30. Тексеру түрі Біліктілікті арттыру туралы деректер 31. Күні __________________________________________________________ 32. Оқыту түрі _____________________________________________________ 33. Мамандандыру __________________________________________________ 34. Куәлік № _______________________________________________________ 35. Оқытуды өткізген оқу орталығы ___________________________________ 36. Күні ___________________________________________________________ 37. Оқыту түрі _____________________________________________________ 38. Мамандандыру __________________________________________________ 39. Куәлік № _______________________________________________________ 40. Оқытуды өткізген оқу орталығы ___________________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы №175 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – екі жұмыс күні ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Лицензия алу, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, қайта ресімделген лицензия және лицензияның телнұсқасы электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі