2014 жылғы 5 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы №180 қаулысымен бекітілген
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат және мұрағат комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қою, отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы телнұсқаны беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алымның мөлшерлемелері мынаны құрайды:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын жеке немесе заңды тұлғалардан – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.
Теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтініш берілген жағдайда, төлемді «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыруға болады.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
3) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (меншік иесінің ауысуына, не ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, сондай-ақ теле-, радиоарна атауының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы.
Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден куәлік туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы теле-, радиоарнаны есепке қою үшін порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) бюджетке алымның төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа) құжаттың электрондық көшірмесін береді.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.
Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден куәлік туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті алушы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) алымның бюджетке төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа) құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, алымның төленгені (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы алады.
Порталда электрондық сұранысты жіберу мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде таңдалған қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті беруші –адресатқа жіберіледі.
10. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын дәл сондай атауы бар және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлiк беруі;
2) өтініш мазмұнының талаптарға сай келмеуі (өтініште: теле-, радиоарнаның меншік иесі – жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірінің, тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншік иесі – заңды тұлғаның орналасқан жерінің, бизнес сәйкестендіру нөмірінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, меншікті және ретрансляцияланатын хабар таратудың тәуліктік орташа көлемі көрсетілген теле-, радиоарнаның тақырыптық бағытының көрсетілмеуі);
3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;
4) меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлiмделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесiнің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш беруі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды сенімхат бойынша өкіл бере алады.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке қою
туралы куәлік беретін органның толық атауы)
________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы
куәлік беретін орган басшысының Т.А.Ә )
Өтініш
Сізден
__________________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
отандық теле-, радиоарнаны есепке қоюды сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: ____________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/меншік иесінің атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы: __________________________________
________________________________________________________________
(тұратын орны/ орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН_________________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: _____________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі ____________________
Ретрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: _________
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің жеке кіретін есігі бар үй-жайларға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтары:
(үй-жайлардың орналасқан жері және олардың сипаттамасы (алаң шаршы.м, кадастрлық нөмірі, мүліктік құқықтың түрі, жалға алу шарттарының деректері)
Р/с № Үй-жайдың типі Мекенжайы Сипаттамасы
1 Телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін (студиялық, аппараттық, қосалқы)
2 Шығармашылық (редакциялық) персоналды орналастыру үшін
3 Теле-, радиоарнаның меншік иесіне тиесілі әкімшілік-басқару персоналы үшін
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) /меншік иесінің атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)
трансляцияланатын және рестрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды таспаға басуға және алты ай бойы сақтауға міндеттенеді.
__________________________________ _____________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/ (қолы)
атауы)
М.О. 20___ жылғы «__» _____________
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
__________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке қою
туралы куәлік беретін органның толық атауы)
__________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке қою
туралы куәлік беретін орган басшысының Т.А.Ә )
Өтініш
_______________________________________________ байланысты Сізден
(себебін көрсету)
__________________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қоюды жүзеге асыруды сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: ____________________________
__________________________________________________________________
(меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы: __________________________
(тұратын жері/ орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН_________________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: _____________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі ___________________
Ретрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: _________
Меншік иесінің ауысуы/ меншік құқығының берілгенін растайтын құжаттардың деректері:
_________________________________________________________
(меншік құқығы берілетін тұлғаның құжатының деректері, құжаттың нөмір мен күні, ЖСН/БСН және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны (меншік иесі ауысқан жағдайда толтырылады) көрсетіледі)
Р/с № Құжаттың деректері
1
2
__________________________________ ___________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты /атауы)
М.О. 20___ жылғы «__» ___________
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
______________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке қою
туралы куәлік беретін органның толық атауы)
_______________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке қою
туралы куәлік беретін орган басшысының Т.А.Ә )
Өтініш
_______________________________________________________ байланысты
(себебін көрсету)
Сізден ___________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: ____________________________
__________________________________________________________________
(меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ атауы
__________________________________________________________________
және ұйымдық-құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы: __________________________
(тұратын жері/ орналасқан жері, байланыс мәліметтері)
БСН/ЖСН_________________________________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1. ____________________
2. ____________________ .
__________________________________ _____________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты /атауы)
М.О. 20___ жылғы «__» ___________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы №180 қаулысымен бекітілген
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші – www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:
лицензия беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
қайта ресімделген лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Лицензияны, қайта ресімделген лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алымның мөлшерлемелері мынаны құрайды:
1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ы, бірақ 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтініш берілген жағдайда, төлемді «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) заңды немесе жеке тұлға үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер және құжаттар:
4) осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
5) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы;
6) телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы;
7) жерсеріктік оператор ұсынған жерсеріктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (жерсеріктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда);
8) метрологиялық сипаттамалары мен олардың тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын құжаттарды (сертификаттардың көшірмелері) көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі.
Мыналар:
1) қызмет түрінің атауы және (немесе) кіші түрі;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
3) дара кәсіпкер, оның атауы және мекенжайы;
4) бірігу, қосылу, бөлініп шығу және қайта өзгеру нысанында заңды тұлға;
5) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, лицензия қайта ресімделеді.
Құжаттар ауыстырылған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге мынадай құжаттарды береді:
1) заңды немесе жеке тұлға үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде төлнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін төлнұсқаларды алушыға қайтарады.
Лицензия алу үшін порталға өтініш берген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда) құжаттың электрондық көшірмесі;
3) біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар:
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
5) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы – электрондық көшірме түрінде;
6) телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы – электрондық көшірме түрінде;
7) жерсеріктік оператор ұсынған жерсеріктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (жерсеріктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда) – электрондық көшірме түрінде;
8) метрологиялық сипаттамалары мен олардың тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын құжаттарды (сертификаттардың көшірмелері) көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі – электрондық құжат түрінде;
9) өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын сертификаттар – электрондық көшірмелер түрінде.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар сұранысқа электронды түрде тіркелуге тиіс.
Мыналар:
1) қызмет түрінің атауы және (немесе) кіші түрі;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) дара кәсіпкер, оның атауы және мекенжайы;
4) бірігу, қосылу, бөлініп шығу және қайта өзгеру нысанында заңды тұлға;
5) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, лицензия қайта ресімделеді.
Құжаттар ауыстырылған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге мынадай құжаттарды береді:
1) лицензияны қайта ресімдеу туралы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
2) лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы бюджетке төленгені туралы ақпарат немесе лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.
Портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензиат лицензияны қайтадан ресімдеген кезде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттармен бірге, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде береді.
10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленбеуі;
3) біліктілік талаптарының көрсетілетін қызметті алушы қызметіне сәйкес келмеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензия алуға тыйым салынуы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметі берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтiнiші
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат
және мұрағат комитетіне___
(лицензиардың толық атауы)
______________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі (-лері) көрсетiлсiн)
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________
____________________________________________________________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық почта______________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Банктік шоты __________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
___ парақ қоса беріліп отыр
Осы арқылы:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.
Басшы _________ _______________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Мөрдің орны Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________________
Лицензия алу үшін жеке тұлғаның өтiнiші
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат
және мұрағат комитетіне___
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі (-лері) көрсетiлсiн)
Жеке тұлғаның тұратын мекенжайы
____________________________________________________________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық почта______________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Банктік шоты __________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
___ парақ қоса беріліп отыр
Осы арқылы:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.
Жеке тұлға _________ _____________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Мөрдің орны (бар болса) Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» __________
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны
1. Қызметкерлер саны _______________
Инженер-техник мамандар саны________________;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі:
1 жылға дейін ________________;
бір жылдан астам ________________.
Маман-ның тегі Маман-ның аты Маманның әкесінің аты Маман-дығы Жоғары білімі туралы дипломның № Диплом берілген күн Жоғары оқу орнының атауы Мамандағы бойынша жұмыс өтілі Лауазымы
2. Мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер:
телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар бағдарламасының техникалық сапасын: иә/жоқ;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыруды: иә/жоқ.
3. Техникалық мәліметтер:
1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/ кабельдік/ жерсеріктік;
2) хабар таратумен қамту аумағы_______________;
3) желі типі _______________;
стандарт атауы_______________;
стандарт нөмірі _______________;
4) таратылатын теле-, радиоарналардың тізімі _______________;
даму кезеңдері бойынша тізбе_______________;
қысқаша сипаттама _______________;
5) пайдаланған жағдайда, шартты қолжетімділік жүйесі ___________;
6) желіні басқару және пайдалану желісін ұйымдастыру қағидаттары;
7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны, оның ішінде даму кезеңдері бойынша;
МГц көлемі _______________;
қосылушылар саны_______________;
8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс желілерімен өзара іс-