06 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №190

407 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2014 жылғы 5 наурыз,  Астана, Үкімет Үйі Азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарының айналымы және азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды лицензиялау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы5 наурыздағы № 190 қаулысымен бекiтiлген «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көліктегі ішкі істер департаменттері, қалалық және аудандық ішкі істер органдарының лицензиялық және рұқсат беру жүйесінің бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіштегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жүгінген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен қуәландырылады. 7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді: 1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсетікішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен аспайды; 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызын құрайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9-00-ден бастап 18-30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі; 2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге: лицензия алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны және құжаттар; лицензияға қосымшаны алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес заңды және жеке тұлға үшін белгіленген нысандағы өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны және құжаттар; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін еркін нысандағы өтініш; лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін: еркін нысандағы өтініш; лицензияның телнұсқасын беру үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттардың, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады; 2) порталда: лицензия алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны және құжаттар; лицензияға қосымшаны алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны және құжаттар; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу; ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін; көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат. Лицензия жоғалған және (немесе) бүлінген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден ол туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті алушы лицензия телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметі алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттардың, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасы қабылданған күн мен уақытты көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады; портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. 10. Мыналар: 1) өтініш берушінің қажетті мәліметтерді ұсынбауы не оның дұрыс емес мәліметтерді ұсынуы; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; 3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі; 4) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; 5) көрсетілетін қызметті алушыға лицензия берудің келісуші мемлекеттік органмен келісілмеуі; 6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы; 7) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы; 8) өндірістің қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ете алмауы, қарудың есебі мен сақталуын не осы жағдайдарды қамтамасыз етпеуі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші жүгінуді өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-43-03, 71-41-36. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша. Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтiнiші ___________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ______________________________________________________________________________________________________________________________________ (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түр(лер)ін көрсету керек) ______________________________________________________________________________________________________________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште беруiңiздi сұраймын_______________________________________ (егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса Х белгісін қою керек) Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________ (почта индексі, облыс, қала, аудан, ____________________________________________________________________________ елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) Электрондық почта __________________________________________________ Телефондары ________________________________________________________ Факс _______________________________________________________________ Банктік шоты ________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лар)ы _______________________________ (почта индексі, облыс, қала, аудан, __________________________________________________________________________ елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) _____________________________ парақта қоса беріліп отыр Осы арқылы: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны; қоса беріліп отырған барлық құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады. Басшы ____________ ________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) Мөр орны Толтырған күні 20__жылғы « » __________ (бар болса) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтiнiші ____________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) __________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________________ (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрі(лер)ін көрсету керек) ____________________________________________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште беруiңiздi сұраймын _______________________________________ (егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса Х белгісін қою керек) Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы__________________________________ (почта индексі, облыс, қала, аудан, __________________________________________________________________________ елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) Электрондық почта __________________________________________________ Телефондары ________________________________________________________ Факс _______________________________________________________________ Банктік шоты ________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті жүзеге асыру мекенжай(лар)ы _________________________________ почта индексі, облыс, қала, аудан_ ____________________________________________________________________ елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) ___________________________________________парақта қоса беріледі. Осы арқылы: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны; барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады. Басшы ______________ ___________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) Мөр орны Толтырған күні 20____ жылғы « » ______________ (бар болса) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруғалицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар нысаны Р/с № Біліктілік талаптары Құжаттар Ескертпе 1 2 3 4 Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау жөніндегі қызмет түрі үшін жалпы талаптар мен құжаттар 1 Толық сауалнамалық деректер (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы) қоса берілген, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтер кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы құжаттың электрондық көшірмесі 2 Қаруды иеленуге көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизм немесе нашақорлыққа байланысты қарсы көрсетпелердің болмауы туралы медициналық қорытындылар қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды құжаттың электрондық көшірмесі Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін 1 Заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі жоғары техникалық білімнің болуын растайтын диплом құжаттың электрондық көшірмесі 2 Заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының тиісті қауіпсіздік қағидалары жөніндегі білімі көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өткенін растайтын куәлігі осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны 3 Қару әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар түріндегі ғылыми база қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар жиынтығы құжаттың электрондық көшірмесі 4 Келісілген және бекітілген жұмыс жобасын; бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін және құрастыру цехын (учаске); қару мен патрондардың әзірленген жиынтықтарын сақтауға арналған техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған мамандандырылған үй-жайларды қамтитын қарудың немесе патрондардың тәжірибеден өткен үлгілерін дайындау және сынау үшін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база тиісті жабдықтар мен аппаратураның, құжаттар мен үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттар. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері құжаттың электрондық көшірмесі 5 Әзірлеу жоспарланған қару мен оның патрондарының тактикалық-техникалық сипаттамалары техникалық құжаттама құжаттың электрондық көшірмесі 6 Қару мен оның патрондарының тәжірибеден өткен модельдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар техникалық құжаттама құжаттың электрондық көшірмесі 7 Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі құжаттың электрондық көшірмесі 8 Үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты шарт құжаттың электрондық көшірмесі Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрі 9 Заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі диплом құжаттың электрондық көшірмесі 10 Заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының тиісті қауіпсіздік қағидаларын білуі көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өткенін растайтын куәлігі осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны 11 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өткен білікті мамандар көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өткенін растайтын куәлігі осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуіне біліктілік тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны 12 Қару мен оның патрондарын жасау мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түріндегі ғылыми база қару мен оның патрондарының түрлерін жасау мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы құжаттың электрондық көшірмесі 13 Мамандандырылған өндірістік ғимараттарды, көлік құралдарын, жабдықты, стенділерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын; қаруды және оның патрондарын жасау жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын; бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін цехын (учаскені); бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау бойынша жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын, өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған, техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін құрастыру цехын; оқшауланған жеке үй-жайларда орналастырылатын техникалық нығайтылу жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сингализациясы құралдарымен жабдықталған дайын қару мен патрондарды сақтау үшін мамандандырылған қоймаларды; өндіріс процесінде бракка шығарылған қарудың негізгі жарамсыз бөлшектері мен оның патрондарын сақтауға арналған ақауды оқшаулау орнын қамтитын меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база. Өндірістік база аумағына мынадай талаптар қойылады: оқшаулануы, қоршаудың, тәуліктік тиісті жабдықтар мен аппаратуралардың, құжаттар мен үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттары. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актлері құжаттың электрондық көшірмесі 14 Қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектімен қару мен оның патрондарын өндіруге ниет білдіру туралы хаттама немесе шарт (келісімшарт) хаттама немесе шарт құжаттың электрондық көшірмесі 15 Қару мен оның патрондарын өндіруге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалар техникалық құжаттама құжаттың электрондық көшірмесі 16 Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнімдерді (дайындамалар), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау: бөлшектерді, құрастыру бірліктерін және дайын бұйымдарды жасау, тасымалдау және сақтау процесінде оларды есепке алу; кірісті және шығысты есепке алу журналын жүргізу (дайындамаларды, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді нөмірлеп есепке алу, сандық есепке алу, сандық немесе өлшеп есепке алу) жөніндегі құжаттар техникалық және есепке алу құжаттамасы құжаттың электрондық көшірмесі 17 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен жұмысқа рұқсаты, сондай-ақ режимдік іс-шаралардың қамтамасыз етілуі және олардың жеткіліктілігі жұмыс жүргізу мүмкіндігі туралы ҰҚК хаты құжаттың электрондық көшірмесі 18 Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі құжаттың электрондық көшірмесі 19 Үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты шарт құжаттың электрондық көшірмесі Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін 20 Қаруды жөндеу жөніндегі білікті мамандар қаруды жөндеу бойынша арнайы білімінің бар екенін растайтын құжаттар (диплом, сертификат, еңбек кітапшасынан үзінді және т.б.). тиісті құжаттың электрондық көшірмесі 21 Техникалық нығайту талаптарына жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған меншік немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған шеберхана жабдықтардың, аппаратура мен үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттар. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері құжаттың электрондық көшірмесі 22 Арнайы жабдық пен құрылғылар тиісті жабдықтар мен аппаратураның болуын көрсететін құжаттар құжаттың электрондық көшірмесі 23 Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік техникалық құжаттар техникалық және есепке алу құжаттамасы құжаттың электрондық көшірмесі 24 Қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес журналдың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны 25 Қару мен оның патрондарын сақтау және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі құжаттың электрондық көшірмесі Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін 26 Техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясымен жабдықталған қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлар тиісті жабдықтар мен аппаратураның, үй-жайлардың болуын көрсететін құжаттардың көшірмесі. Осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері құжаттың электрондық көшірмесі 27 Келіп түскен, сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу жөніндегі құжаттама келіп түскен, сатылған қаруды және оның патрондарын есепке алу журналдары осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес журналдың бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны 28 Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі құжаттың электрондық көшірмесі Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін 29 Коллекциялық қаруды сақтауға арналған үй-жай құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты құжаттың электрондық көшірмесі 30 Қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлар. Мұражай қарулары үшін – күзет сигнализациясымен жабдықталған, жеке, осы мақсаттарға арнайы арналған үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сөрелер, сейфтер немесе металл шкафтар күзет сигнализациясын орнату актісі. Қаруды сақтаумен объектіні (үй-жайды) күзету шарты. Сейфтердің, шыныланған сөрелердің және т.б.болуын көрсете отырып, лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері құжаттың электрондық көшірмесі 31 Қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлардың бар болуы. Жеке қару үшін – қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты жері бойынша үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сейфтер немесе металл шкафтар тұрғылықты мекенжайы бойынша қаруды сақтау үшін сейфтің немесе металл шкафтың болуы туралы учаскелік полиция инспекторының баянаты құжаттың электрондық көшірмесі Ескертпе: Коллекцияға жиналған қару заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық ішкі істер органдарында міндетті тіркелуге жатады Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін 32 Кілтпен жабылатын сөрелері, сейфтері немесе металл шкафтары бар күзет сигнализациясымен құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты. Аталған объектіні құжаттың электрондық көшірмесі жабдықталған жеке үй-жайлар пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері (заңды тұлғалар үшін) 33 Үй-жайды тәулік бойы күзету (күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарт) күзет сигнализациясын орнату актісі. Қару сақталатын объектіні (үй-жайды) күзету шарты құжаттың электрондық көшірмесі 34 Бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау жөніндегі құжаттамалар бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау бойынша журналдар осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес журналдың бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны 35 Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі сейфтердің, шыныланған сөрелердің және т.б. болуын көрсете отырып, ли­цензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі. Азаматтар үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша қаруды сақтау үшін сейфтің немесе металл шкафтың болуы туралы учаскелік полиция инспекторының баянаты құжаттың электрондық көшірмесі Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі Р/с № Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: Құжаттар Ескертпе 1 2 3 4 1 Толық сауалнамалық деректерді қоса бере отырып, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтер кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы құжаттың электрондық көшірмесі 2 Техникалық нығайту талаптарына жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтауға және (немесе) сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жай лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі құжаттың электрондық көшірмесі 3 Қаруды қолдануда қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру туралы анықтама қаруды қолдануда қауіпсіздік ережелерін білуін тексеру туралы анықтама құжаттың электрондық көшірмесі 4 Қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық көшірмесі қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрығы құжаттың электрондық көшірмесі 5 Жеткізілетін қару мен оқ-дәрілердің нақты түрлерін және модельдері мен санын көрсете отырып, қару мен оның патрондарын жеткізуге дайындаушы кәсіпорынмен шарт (келісімшарт) көшірмесі (қаруды әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін) қару мен оның патрондарының нақты түрлерін және модельдері мен санын көрсете отырып, оларды жеткізуге дайындаушы кәсіпорынмен шарт (келісімшарт) көшірмесінің (қаруды әкелетін заңды тұлғалар үшін) құжаттың электрондық көшірмесі 6 Жарақат салатын әсері бар патрондары бар қарудың және электрлік қарудың көрсетілген қарудың зақым келтіру факторларының адамға рұқсат етілген әсер етуінің белгіленген нормаларына сәйкес келуі туралы уәкілетті органның қорытындысы (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйымдар оны сатып алуға ниеттенген кезде)