2014 жылғы 28 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
«Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы №437 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 178-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аттестаттау инспекторлардың құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жаңа талаптарды зерделеу мақсатында жүргізіледі және мынадай екі кезеңнен тұрады:
1) тестілеу;
2) әңгімелесу.»;
7-тармақтың екінші, үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Аттестаттау комиссиясы комиссия төрағасынан, төрағаның орынбасарынан, мүшелері мен хатшысынан тұрады. Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауға тиіс.
Аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда, оған аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары төрағалық етеді.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Егер, аттестаттау комиссиясының мүшесі аттестаттаудан өткен жағдайда, өзіне қатысты дауыс бере алмайды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Қызметтік мінездеме аттестатталатын адамның кәсіптік, жек қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің бағасын қамтуға тиіс және оған:
1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары үшін - уәкілетті органның басшысы;
2) аумақтық бөлімшелердің бас мемлекеттік құрылыс инспекторлар] үшін - уәкілетті орган басшысының орынбасары;
3) бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары мен аумақтық бөлімшелерді мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшін – уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
4) уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
5) аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшін – уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінің басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Аттестатталатын адам өзіне берілген қызметтік мінездемеме келіспеген жағдайда, аттестаттау комиссиясының отырысына дейін екі аш қалғанда жұмыс органына өзін сипаттайтын қосымша ақпарат беру арқылы өзінің келіспейтіні туралы мәлімдеме жасай алады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-бөліммен толықтырылсын:
«4-1. Тестілеу өткізу
20-1. Жұмыс органы тест сұрақтарын жасайды және оны уәкілетті органның басшысы бекітеді.
Тест сұрақтары жауаптар парақтарын толықтыру түрінде аттестатталатын адамның білім деңгейін бағалаған кезде пайдаланылады.
20-2. Тестілеу екі кезеңнен тұрады:
1) тестілеуге қатысушылардың тестіден өтуі;
2) нәтижелерді есептеу.
Тестілеу тестілеуге қатысушының өтініші бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.
20-3. Тестілеу кезінде қатысушылардың:
1) тестілеу аяқталғанға дейін үй-жайдан кетіп қалуына;
2) тестілеуге қатысушылармен сөйлесуіне және басқа да іс-қимылымен кедергі жасауына;
3) жеке электрондық құралдарды (оның ішінде компьютерді, ұялы телефонды) пайдалануына рұқсат етілмейді.
Жоғарыда көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда тестілеуге қатысушы тестілеу өткізіліп жатқан үй-жайдан шығарылады; осы адам үшін тестілеу өтпеді деп танылады және тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді, бүл туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде қайта аттестаттаудан өтеді.
20-4. Тест тапсырмаларын орындауға берілген жалпы уақыт 90 минутты құрайды. Тест сауалнамалары 100 (жүз) сұрақтан тұрады.
Тесті орындау үшін бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін материалдар аттестаттау комиссиясына ұсынылады.
20-5. Тестілеу нәтижесін санауды 3 (үш) сағаттан аспайтын уақыт ішінде дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып, аттестатау комиссиясы жүргізеді.
20-6. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары үшін шекті мән – кемінде 70 %; аттестаттауға жататын қалған санаттар үшін - кемінде 60 %, тестілеу нәтижесі есептеледі.
20-7. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді.
Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде қайта тестілеуден өтеді.
20-8. Қайта тестілеуден өткен кезде тестілеуге қатысушы шекті мәннен төмен баға алса, онда аттестатау комиссиясы тестілеуге қатысушы атқаратын инспектор лауазымына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.»;
30-тармақтың 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аттестатталған жоқ, қайта аттестаттауға жатады;
3) аттестатталған жоқ және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейді (тек қайта аттестатталған жағдайда).»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Аттестаттау комиссиясының шешімі оның отырысына қатысқан төраға, төрағаның орынбасары, аттестаттау комиссиясының мүшелері мен оның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Аттестаттаудан өтпеген, бірақ қайта аттестаттауға жататын адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімде, бірақ кемінде үш ай өткеннен кейін аттестаттаудан қайта өтуі мүмкін.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 28 сәуірдегі №411 қаулысымен бекітілген
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды
жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс
инспекторларын аттестаттау қағидаларына
қосымша
Аттестаттау парағы
Аттестатталатын инспектор туралы ақпарат
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Туған күні және жері______________________________________________
Білімі___________________________________________________________
Лауазымы және тағайындалған күні__________________________________
Жалпы еңбек _________ өтілі (оның ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау органдарында), оның ішінде осы лауазымда___________________
Қосымша мәліметтер:
Аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтер:
Қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны__________
Дауыс беру нәтижелері:
«Жақтағандар»____________
«Қарсы»_________________
Қабылданған шешім: _________________
(аттестаттаудан өтті; аттестатталған жоқ және қайта аттестаттауға жатады; аттестатталған жоқ
және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейді)
Төраға /______________________/
Төрағаның орынбасары /________________/
Хатшы /_________________/
Мүшелері /_____________/
Қабылданған шешіммен таныстым_____________________________________________
(аттестатталатын адамның қолы және күні)