Аймақтар • 08 Тамыз, 2022

Шымкентте 11 жастағы қыз суға батып кетті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 11 жастағы қыз абайсызда Бадам өзені үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте 11 жастағы қыз суға батып кетті

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиға Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабында болған.

«Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қыздың денесін судан алып шықты», делінген хабарламада.

Қыздың денесі туыстарына тапсырылды.

Оқиға орнына қалалық ТЖ департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмыс істеді.