Министр Ішкі істер органдарын дамытудың жаңа стратегиясы аясында бірінші кезекте кадр саласына басымдық берілетінін атап өтті.
Марат Ахметжановтың айтуынша, қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуетті тиімді пайдалану, кәсіби даму үшін басшы лауазымдарға тағайындау кезінде «орталық-өңір» және «өңір-өңір» қағидаты бойынша қызметкерлерді ротациялауды қолдану туралы шешім қабылданды.
Тағайындау алдында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов әрбір кандидатпен жеке әңгімелесу өткізгені айтылды.
Министрдің бұйрығы бойынша тағайындалғандар:
Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді (Атырау облысы ПД-да қызмет атқарған);
Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);
Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);
Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов (бұған дейін осы бөліністің аудандық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарған);
Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев (Түркістан облысы ПД-дан келген);
Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұрғали Қасенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
Батыс Қазақстан облысы ПД Орал қаласы Полиция басқармасының бастығы Сағындық Аяғанов (Алматы қаласы ПД-да қызмет арқарған);
Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Меруерт Әбдіқадырқызы;
Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев (Шымкент қаласы ПД-да қызмет еткен).