«Жамбыл ауылында жоғалып кеткен бес жасар қызды іздеу жұмыстары тікұшақ арқылы жүргізілуде. Дәл осы уақытта біз қыздың анасымен аумақты айналып шолып жүрміз», деді Қостанай облысы ІІД полиция басқармасының бастығы Ерлан Омарбеков Facebook желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар ол іздеу жұмыстарына атсалысып жатқан ерікті азаматтар барын айтты.
«Бірінші минуттан-ақ еріктілер, ауыл тұрғындары, жай ғана қамқор адамдар полицейлерге көмек көрсетіп жатыр. Бұл үшін сіздерге ең алдымен әке ретінде алғыс айтамын. Бүгін бәріміз бала үшін алаңдаулымыз. Біз оны табу үшін бар күшімізді саламыз. Іздестіру жұмыстарының барысы туралы хабарлап отырамын», деді Е.Омарбеков.