Оқиға • 08 Тамыз, 2022

Аң аулап жүрген ер адам абайсызда серігін атып өлтірді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында 55 жастағы ер адам өзімен бірге аң аулауға шыққан 64 жастағы жерлесін абайсызда атып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аң аулап жүрген ер адам абайсызда серігін атып өлтірді

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 6 тамыз күні Шал ақын ауданының Неждановка ауылы маңындағы орманда болған. 55 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны аң аулау кезінде елікке оқ атқан, алайда, бытыраның бір бөлігі қасындағы серігіне – 64 жастағы Айыртау ауданының тұрғынына тиген. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Бұл факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-1-бабы «адам өлтіру» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбақ.