06 Мамыр, 2014

Каспийден заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-05-14-brakoner-1

АҚТАУ. 6 мамыр. Каспий теңізінде заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды. Бұл туралы «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының теңіз шекара бөлімшесі дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Теңіз шекарашылары  ұстаған 12 браконьердің барлығы да Қазақстан азаматтары болып шықты. Өз жауынгерлік міндеттеріне сай браконьерлік қызметтің жолын кесу, су ресурстарын қорғау және «Бекіре-2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы аясында теңіз шекарашылары мотормен жарақтандырылған «Казанка» типті 4 қайық тәркілеген. Сондай-ақ, 6 750 дана  29 000 метр ау мен 13 500 метр қармақ тапқан. Ал олардан алынған 306 бекіренің 26-сі тірі, қалған 280-і өлі күйде болған.Бұлардан басқа бір центнерге тарта балық пен 18 өлі итбалық та тәркіленіпті. Фактімен қазір құқық қорғау орындары айналысуда, қылмыстық оқиға бойынша жауаптылар жазаға тартылады деп күтілуде. Гүлайым Шынтемірқызы. Дереккөз: egemen.kz. Фото: life24.kz.